ТЖҚоғам

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері марапатталды

Бейбіт күннің батырлары – өрт сөндірушілер. Олар өлім мен өмір қатар келген сәтте өз өмірлерін қатерге тігерге. Бір-ақ сәтте күллі дүниені жайпауға қауһарлы тілсіз жауды ауыздықтайды. Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері марапатталды.

САИДА ТӘУКЕЛЕВА, “Я Алматинец” ҚБ басшысы:

– 2015 жылдан бері төтенше жағдайлар департаментімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Солтүстік өңірде “Политика добрых дел” атты акцияның жұмыс жасап жатқанына да 2 айдың көлемі болды. Сауда орталықтарының бірімен отырып нағыз мамандарды марапаттаймыз. Осылай өзіміздің алғысымызды білдіреміз.

Айта кетейік, марапатталғандар мамырдың 7-сі күні болған алапат өртті ауыздықтауға тікелей атсалысқан. Мамандар жедел әрекет етпеген жағдайда өрттің салдары одан бетер күшейіп, тіпті, қайғылы жағдай болуы мүмкін еді. Алапат өртті сөндіруде төтенше жағдайлар департаментінің бір өзінен 100-ге жуық адам мен 20 техника жұмылдырылған. Өзге қызметтер де көмек ұсынды.
540 шаршы метрді жайлаған қамыс өртін сөндіруге Азат Жәнібеков те қатысқан.

АЗАТ ЖӘНІБЕКОВ, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері:

– Бірінші мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде 2021 жылдан бастап қызмет атқарамын. Өте үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Уақытында жетіп үлгеріп, қызметтік борышымызды адал атқаруымыз керек.

Мамандарға алғыс хаттар табыс етілді.

 

Аснурия Абдула