Құқық қорғау органдары

Мемлекеттік рәміздер күні бес полицейдің шені өсті

Мемлекеттік рәміздер күні солтүстікқазақстандық полицейлер сап түзеді. Мерекелік шараны Тәуелсіз Қазақстанның Туы мен Елтаңбасын ұстаған маршпен өткен топ ашты. Оркестрдің сүйемелдеуімен тәртіп сақшылары гимн орындады. Кейін полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жеке құрамды басты мемлекеттік мерекелердің бірімен құттықтады.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Сіздерді ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен ПД және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын! 4 маусым жаңа мемлекеттік символиканың қалыптасуымен мәңгілік ел тарихында қалады.

Құттықтау сөзден соң 5 полицей кезекті шендерін алды. Олардың екеуіне – капитан, ал үшеуіне майор шені табысталды. Атағы жоғарылағандардың арасында қалалық полиция басқармасы бөлімінің аға тергеушісі Санжар Атажан да бар.

САНЖАР АТАЖАН, қалалық ПБ бөлімінің аға тергеушісі:

– Бүгін арнайы кезекті капитан шенін алып отырмыз және де осы ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Барша қазақстандықтарды осы күнмен құттықтаймын. Бұл күн – еліміздің тарихында мәңгілік қалатын күн және еліміздің елдігін көрсететін маңызды мерекелердің бірі деп есептеймін.

Іс-шара аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері қылмысқа қарсы күресті жалғастыру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және нығайту бойынша қызмет орындарына оралды.

 

Самал Жунусова