Қоғам

Әлеуметтік осал топтағы студенттер жатақханада тегін тұруы мүмкін

Елімізде ЖОО мен колледждерде әлеуметтік осал топ санатындағы шамамен 218 мыңға жуық студент білім алады. Атап айтсақ, жоғарғы оқу орнында 168,1 мың, ал колледждерде 50,3 мың студент оқып жүр. Қазіргі уақытта жағдайы қиын студенттердің жатақханада тұруға жұмсалатын шығындарын субсидиялау мәселесі пысықталуда. Бұл туралы informburo.kz порталында хабарланған. Мұқтаж екі санаттағы ұл-қыздарға көмек көрсетілмек. Олар – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдар.

 

Гульден Симбаева