Қоғам

Терек мамығын өрттегендерге айыппұл салынады

ГҮЛДЕН СЕМБАЕВА, тілші:

– Жаз басталысымен қала көшелерін терек мамығы басуда. Ұшқан ұлпалар адамдардың көзіне, мұрнына кіріп, мазасыздық тудырады. Әсіресе, аллергиясы бар тұрғындарға қиындық әкеледі.

Тек тұрғындарға ғана емес, құтқарушылардың да жұмысына жүктеме түсіретінін айта кеткен жөн. Статистикаға сүйенсек, былтырдан бастап облыс аумағында құрғақ шөп пен терек мамығының 170-тен астам жану фактісі тіркелген. Айта кеткен жөн, ұлпаны күйдіруге балалар әуес. Бірақ, кей жағдайда үлкендердің де қатысы болады. Мысалы, темекінің тұқылын дұрыс сөндірмеген адамдардың кесірінен от бас көтереді.

ДАМИР АЙТБАЕВ, СҚО ТЖД аға инженері:

– Терек мамығын жаққан адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Ыстық күндері ашық аумақта тез тұтанатын ыдыстар мен жабдықтарды қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, балконды да артық заттардан арылтқан жөн.

Қауіпті бәрі білуі тиіс. Төтенше жағдайлар қызметкерлері қала тұрғындарына ескерту және қауіпсіздік ережелері жазылған жаднама қағаз таратты.

– Қажет емес дүниелерді өртемейміз, қоқысқа лақтырамыз. Өрттің шыққанын қаламаймын.
– Өрт қауіпсіздігі ережелерін білемін. Әрдайым сақтап жүремін. Бұл жайында жаднама қағазда да жазылған екен.

 

Гульден Симбаева