Мәдениет

“Summer dance” заманауи билер фестивалі өтті

Жаздың алғашқы шуақты күні. Бүгінігі мерекелік күннің атмосферасы ерекше. Нағыз ән мен жырдан шашу шашып, сайран салатын күн. Орталық алаңда «SUMMER DANCE» атты фестиваль ұйымдастырылды. Қатысушылардың жалпы саны 1500-ге жуықтайды.

САЯН ЕРМЕК, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:

Барша бүлдіршіндерімізді мерекемен құттықтаймын. Міне, бізде заманауи хореография өтіп жатыр. Неге біз заманауи хореография таңдадық? Себебі, қазіргі таңда жастардың көбісі осы би түріне қызығады. Қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлаймыз деген ойдамыз. Бұл шараға қала мен облысымыздың түкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұжымдар қатысып отыр.

27 би ұжымының өнерпаздары бір алаңға жиналды. Заманауи бағыттағы билердің барлық түрі орындалды. Талантты жеткіншектердің бірі – Аида Боташ. Ол – “GALLA DANCE STUDIO” ұжымының жас бишісі. 5 жасынан бастап өнер әлеміне қадам басқан екен.

АИДА БОТАШ:

– Менің жасым 9-да. Қазір біз “Кім капитан болады?” деген би билейміз. Мен осыған дейін флешмобтарда билегенмін. Билеген күшті.

Алаңға жиналған ата-аналар мен балалардың қарасы қалың. Жадыраңқы көңіл-күймен саябақта серуендеп, фестивалді тамашалауда.

– Маған 1 маусым күні ұнап жатыр.
– Мереке құтты болсын.
– Бәрі ұнады. Концерт күшті өтіп жатыр.

Бишілер бір-бірінен өзіндік стильдерімен ерекшеленді. Жас дарындардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды. Таланттарды бір алаңға жинайтын мұндай фестиваль алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Аснурия Абдула