Спорт

Шенділер жүгіруден жарысты

– Жыл бойы түрлі сипаттағы 22 іс-шара жоспарланған. Оның 7 түрі бойынша нәтижелер спартакиаданың жалпы есебіне кіреді. Сондықтан, бүгінгі жарысымыз спартакиаданың 4-ші түрі болып табылады.

“Динамо” стадионында өңіріміздің құқық қорғау органдарының өкілдері жүгіруден президенттік тест тапсырды. Әуелі 30 жастан асқан нәзікжандылар сынға түсті.
Қыз-келіншектер 1200 метрге жүгірсе, ер адамдар 2400 метрді бағындырды.
Ең жүйріктері – Ұлттық ұлан академиясының өкілі Әйгерім Ниязтайқызы мен
полиция департаменті аппаратының өкілі Илюбаев. Ал 30 жасқа дейінгілер арасында облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының маманы Дарья Фельдман мен Ұлттық ұлан академиясының қызметкері Мақсұт Мұратбеков жеңімпаз атанды.

МАҚСҰТ МҰРАТБЕКОВ, ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанты:

– Менің жеңісім – күнделікті шынығудың нәтижесі деп білемін. Ұлттық ұлан академиясында дене шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Қарсыластар да мықты болды, олармен бәсекелесу қиынға соққаны рас. Қашықтықтың соңында жеңісті жұлып алу үшін ерік-жігерді жинауға тура келді.

Жалпыкомандалық есепте Ұлттық ұлан академиясының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері иеленді. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ұжымы 3-ші орынға тұрақтады.

 

Гульден Симбаева