Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинді қабылдады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинді қабылдады.

Сұхбаттасушылар екіжақты стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасты. Мемлекет басшысы қазақ-корей сауда-инвестициялық және технологиялық өзара іс-қимылының, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардың жоғары динамикасын атап өтті.

Өз кезегінде оңтүстік кореялық дипломат Ел Президенті Юн Сок Еннің құттықтау сөздерін жеткізіп Қазақстанмен әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.

Сондай-ақ, тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, халықаралық құрылымдар желісі бойынша өзара іс-қимылды қарастырды.