Қоғам

Балаларын көлікке автокреслосыз отырғызғандар жауапкершілікке тартылды

Қалада бауыр еті баласын көлікке отырғызарда автокресло пайдаланбайтын жандар аз емес болып шықты. Екі аптаның ішінде осындай 170-ке жуық ата-ана анықталған. Бұл фактілер “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-алдын алу шарасы барысында тіркелді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағында адам өткізбейтіндер де жоқ емес. Мұндай 275 жағдай болған. Көшені белгіленбеген жерден және бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен 300-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды.

 

Гульден Симбаева