Балалар

Балалар күніне арналған кешкілік концерт

Басты алаңға жиналған көпшіліктің қарасы қалың. Бақытты балалар мен ата-аналар. Мерекелік күнді тойлап мәре-сәре. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналып қызыққа толы бағдарлама әзірленген.

МҰХАМЕДӘЛІ ИСПАНОВ, қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

– Балалар күніне орай қалалық мәдениет үйі, қалалық әкімдіктің мәдениет, спорт бөлімі осындай мерекелік кеш ұйымдастырды. Атап айтатын болсақ, “Береке” ықшам ауданында, “Хромзауытта” және қаламыздағы Қазақстан Конституциясы көшесінде бірнеше бағдарлама болды. Бұл кешкілік бағдарламаның мақсаты – балаларға, жасөспірімдерге, мектеп бітірушілерге және ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Думанды шара одан әрі жалғасын тапты. Әртістер өз әндерімен келген көрерменді мың бұрала билетті. “Әдемі” және “Бұлбұлым” атты әнімен Жұлдыз Қапарова кешке сән берді. Сахнаға шығып ән айтып жүргеніне 10 жылдың көлемі болған.

ЖҰЛДЫЗ ҚАПАРОВА, қалалық мәдениет үйінің әншісі:

– Солтүстік Қазақстан облысын, осы қаланың тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. Отбасымыз аман, деніміз сау, бала-шағамыз аман болсын. Ынтымақ, бірлік-берекеге толы болсын.

Мерекелік кешке келген балалар ойыннан бас көтерер емес. Алаңға жиналған бүлдіршіндердің көңілі көктем.

– Бүгінгі концеттік бағдарлама өте күшті. Мен сіздерге алғыс айтамын.
– Менің көңіл-күйім керемет. Машинаға мінген ұнайды. Қызықты ойындар ойнап жүрміз. Ата -анаммен бірге қызық уақыт өткізіп жатырмын. Мерекемен құттықтаймын.
– Маған барлығы ұнап жатыр. Саябақта өте көп адам бар. 00:38 Бүгін мен мерекенің арқасында көп ойнадым.

Мереке күніне арналған концерттік шара жоғары деңгейде өтті. Думанды жиын жас әртістердің өнерімен тәмәмдалды.