Қоғам

5 жыл бұрын апаттық деп танылған үй мәселесі

Крепостная көшесіндегі екі қабатты тұрғын үй. 1 ғасырлық тарихы бар нысан әбден тозған. Сыртының сиқы мынау. Ал іші тіптен жаға ұстатады. Едені доға, ал қабырғасы “С” әрпі тәріздес. Жиһаздар алға құлауға шақ. Күні кеше жағдай одан сайын ушыққан. Жертөледегі тірек ағаштар қирап, кірпіштері үгіліпті. Еденді жұқа тақтайлар ғана ұстап тұр. Қазіргі таңда 2018 жылы апаттық деп танылған баспана ішінде жүру аса қауіпті.

Тұрғын үйде 15-ке тарта адам тұрады. Бүгінде оның кейбірі басқа жерді паналауда. Ал Ксения Заболотнаяның ата-анасы саяжайға көшкен.

КСЕНИЯ ЗАБОЛОТНАЯ, қала тұрғыны:

– Бұл үйді 15 жыл бұрын сатып алдық. Ол кезде үйдің жағдайы жақсы болған. Өзімізше жөндеу жасап, қырлап-сырлап қойдық. Бірақ, үйдің кірпіші үгіліп, ағаштары қирай бастады. Әкімдікке көмек сұрап бардық. Еш жәрдем бере алмайтынын айтты. Кеше әкімдік пен ТЖД мамандары келіп, мектепке орналастырмақшы болды. Оған тұрғындар келіспеді.

Қазіргі таңда ағайынның барар жері, басар тауы қалмады. Жергілікті органға үміт артып отыр. Қалалық әкімдік қызметкерлері жағдайды жан-жақты қарастыруда. Оқиға орнында төтенше жағдай комиссиясы жүр.

 

Алдияр Айтпаев