Қоғам

Шал ақын ауданының оқушылары әскери өмірмен танысты

Шал ақын ауданының 10-сынып оқушылары оқу-далалық жиындарға қатысты. Олар 5 күнге созылған “Аю-тас” жазғы сауықтыру лагерінің базасында әскери өмірмен танысты. Ұлдар атыс және тактикалық дайындықтан өткен сында сайысып, азаматтық қорғауды зерделеуге арналған практикалық сабаққа қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу.

 

Гульден Симбаева