Қоғам

Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған акция

Бүгін – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні. Осыған орай Dostyk mall сауда және ойын-сауық орнында «Темекі тарту сәнді емес, еркін демал» акциясы ұйымдастырылды. Облыстық психикалық денсаулық орталығы мен қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері тұрғындарға қолдарындағы темекіні арнайы қорапқа тастауды ұсынды. Есесіне жеміс-жидек берді. Мамандар азаматтарға темекіге тәуелділіктен қалай арылуға болатындығы жайында кеңестерін берді.

РАВИЛЬ ГАРИФЗЯНОВ, СҚО психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері:

– Осындай акцияны өткен жылы да өткіздік. Қандай да бір нәтижесі болды деп ойлаймыз. Адамдарға айтарым, зиянды әдеттен арылғыңыз келсе, әуелі сонымен байланысты заттардың көзін жою керек. Шылым шегетін адамның қасында тұрмау қажет.

ӘДІЛЕТ ДУЙШАНБЕ:

– Мен өзім темекі шекпегендіктен жәшіктің ішіне ештеңе салмадым. Оның орнына мотивациялық хат алдым. Жастарға айтарым, спортпен шұғылданыңыздар.

 

Гульден Симбаева