Қоғам

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Бауырсақ той өтті

Оқушылар мен олардың ата-аналары ошақ басында бауырсақ пісірді. Ұлттық тағамдар да әзірленді. Кейін барлық қауым кең дастарханға жайғасты. Бұл “Бауырсақ той” деп аталады. Мұндай шара Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрге айналған. Оқу жылының қорытындысы ретінде ашық аспан астында өтетін думанның мақсаты – ұлттар достығын дәріптеу. Жұртшылық ән мен жырдан шашу шашып, би билейді, ойын ойнайды. Бұл күні барлығы – 30 қазанда бауырсақ пен палау пісірілді.

АРЛАН МҰХАМЕДЖАНОВ, химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

– Барлығымыз бауырсақ пісірдік. Бұл тойды жыл сайын асыға күтеміз. Менің ойымша, шараның маңызы өте зор. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Барлық этностардың салт-дәстүрін құрметтеп, сыйлауымыз керек. Нағыз достық бастау алатын орын – бұл мектеп ордасы деп білемін.

АЙМАН БАЙБАТЫРОВА:

– Ата-аналар қауымы жыл сайын бірігеміз. Тойды өткізуге қолдау көрсетеміз. Балалар да, ата-аналар да уақытты қызықты өткізеді. Осы шраның барысында оқушылар ата-бабамыздың тұрмыс салтымен танысты. Сондай-ақ, бойларына ұлттық қадір-қасиетті сіңіреді.

 

Аснурия Абдула