Спорт

Мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтті

Облыс орталығында велошеру өтті. Шара мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған. Барлығы – 50-ге жуық спортшы. Әрбірінің қолында көк туымыз бар. Мұндай шара өткен жылы да ұйымдастырылды. Бірақ, ол кезде автокөлік тізгіндеген жандар қаланы аралады. Осы жолы әуежайға қарай бағыт алды.

– Менің велоспортқа қатысып жүргеніме 6 жыл болды. Бүгін – велопробег. Ол мемлекеттік рәміздер күніне арналған. Сондай-ақ, бүгін велоспорт күні.
– Велошеруге қуана қатысамын. 4 жыл ішінде түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Александр Винокуровқа қарап бой түзеймін.

Жалпы, велошабандоздар шамамен 10 шақырымды бағындырды. Күннің ыстығына қарамастан спортшылар қашықтықты жылдам әрі оңай еңсерді.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕН, “Жастар рухы” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бұл шараны ұйымдастырушы облыстық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, “Жастар рухы” ЖҚ және қаламызда орналасқан федерациясы. Бұл шараның басты мақсаты – жылда өтетін мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып жатыр. Енді мемлекеттік рәміздер еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін айқындайтын бірден-бір элементі болып табылады. Оны әр түрлі форматта әрқашан тойлап отыратынбыз. Сол форматтардың бірі – бүгінгі велошеру.

Өңірде велоспорт жақсы дамып келеді. Бүгінде бұл спорт түрімен 200-ге жуық адам шұғылданады. Олар жыл сайын түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Бүгінгі шара алда болатын жарыстарға дайындық дейді спортшылар.

 

Самал Жунусова