ТЖ

Құтқарушылардың өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

Кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығу. Бұл жолы жиын Бескөл ауылында “Дала және орман өрттерін сөндіру” тақырыбында өтті. Өрт сөндірушілер тасталған темекі тұқылы салдарынан бас көтерген тілсіз жаумен күресті. Алапат өрттің алдын алу мақсатында аймақ жыртылып, қызыл жалынның өзі ауыздықталды. Мамандар тұрғындарды қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Себебі, от қателікті кешірмейді.

ӘДІЛ СПАЕВ, СҚО ТЖД өрт сөндіру және АҚЖ ұйымдастыру бөлімінің бастығы:

– Өрт-тактикалық жаттығу жиындарына 13-ші өрт сөндіру бөлімі, қалалық өрт сөндіру бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы мамандары қатысты.

Мұндай жиын Ғ.Мүсірепов ауданында ұйымдастырылды. Аудан орталығында шұғыл әрекет ету отряды сап түзеді. Ал Рузаевкада өрт-тактикалық жаттығулар өтті. Аудандағы 3 өрт сөндіру бөлімшесінде 7 өрт сөндіру техникасы бар. Шалғай ауылдарда 6 өрт сөндіру бекеті және 52 ерікті өртке қарсы құрылым құрылды. Өрт қауіпті кезеңі басталғалы аудан аумағында 36 шақырту тіркелді. 28 жағдайда құрғақ шөп пен қоқыс жанған екен.

 

Алдияр Айтпаев