Құқық қорғау органдары

Бескөлде 945 литр заңсыз алкоголь тәркіленді

Бескөлде 945 литр заңсыз алкоголь тәркіленді. Ащы суды өңірге 52 жастағы көкшетаулық әкелген. Заң бұзушы Қызылжар ауданының орталығында орналасқан дәмхана маңында сауда жүргізген. Петропавл мен жергілікті тұрғындарға ішімдікті 5 литрлік ыдыспен сатқан. Анықталғандай, ол үшін рұқсат қағаздары да болмапты. Полицейлер көліктен 189 бөтелке, нақтырақ атсақ, 945 литр өнім анықтаған. Оңай олжаға кенелмек болған пысықай 15 АЕК көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.

 

Алдияр Айтпаев