БалаларМәдениет

Балаларға арналған сый

Облыстық қуыршақ театры балаларды қуантуға дайын. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай театр ұжымы Мағжан Жұмабаев ауданындағы қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барып қайтты. Өнерпаздар бұндай сапарды дәстүрге айналдырған. Балалар мәз-мейрам. Жеткіншектердің назарына “Күміс тұяқ” қойылымы ұсынылды.

АЛЕКСИНА ГОРБУНОВА:

– Біз бүгін ертегілер әлеміне саяхаттағандай күй кештік. Қойылым ерекше әсер қалдырды. Театр акетрлері келген сайын әртүрлі қойылым қояды. Қызық болғаны сонша көпке дейін ұмытпаймыз.

 

Акжунис Мухатай