Қазақстан жаңалықтары

5 маусымда “Болашақ” стипендиясына құжаттарды қабылдаудың үшінші ағымы басталады

5 маусымда “Болашақ” стипендиясына құжаттарды қабылдаудың үшінші ағымы басталады. “Биыл” Болашақ ” стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережелері жетілдірілді. Енді конкурсқа жетекші шетелдік ЖОО-да оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады.

Бұл ретте, “Болашақ” бағдарламасы стипендиаттың тұруға, тамақтануға, медициналық сақтандыруға, әуе сапарына, визалық алымдарға, оқу материалдарын сатып алуға жұмсаған шығындарын жабатын болады. Сондай – ақ, олар үшін жұмыс істеу мерзімі бір жылға қысқартылады”, – деп бөлісті “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.