МәдениетҚоғам

“Тарихтан тағылым-өткенге тағзым” жобасы аясында Сарытомар ауылында экскурсия өтті

«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым». Осы атаудағы халықаралық жоба аясында экскурция өтті. Аталмыш іс-шара саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арнап ұйымдастырылды. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған қонақтар Мағжанның кіндік қаны тамған жер – Сарытомар ауылына табан тіреді.

ЭЛИНА ПАУЛИ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы “Қоғамдық келісім” мекемесінің директоры:

– Жыл сайын «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты жоба өткіземіз.
Шара еліміздің әр түрлі қалаларында ұйымдастырылады. Биыл М. Жұмабаевтің 130 жылдығына орай Петропавл қаласына келуді жөн көрдік. Солтүстік – тағылымға бай өңір. Осыған куә болу үшін шамамен 50-ге жуық адам келді. Олар: ҚХА мүшелері, тарихшылар және этнографтар.

Мағжанның өлкесіне келген қонақтар – ақынды пір тұтып, дарындылығына бас иетін жандар. Теріскейліктер бұл меймандарды сән-салтанатпен күтіп алды. Дәстүрге сай қазақтың киелі домбырасымен ән шырқады. Ақиық ақынның «Түркістан» өлеңі орындалғанда жиналған қауым тына қалып, ұйып тыңдады. Содан соң М. Жұмабаевтің еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Тағзым етті.

Қонақтар М. Жұмабаевтің музейіне кіріп, жәдігерлермен танысты. Музей 1993 жылы жерлес ақынның 100 жылдығына арналып ашылған екен. Мұнда теңдесі жоқ құнды дүниелер сақталған. Мысалы, Мағжанның 23-ші жылы Ташкент қаласында басылып шыққан «Өлеңдер жинағы» кітабы. Ақынның зайыбы Зылиха бұл кітапты 70 жыл бойы сақтаған. Бір данасы ғана бар жинақ осы музейден басқа еш жерде жоқ. Сондай-ақ, Құран кітап пен жайнамаз да мұражай төрінен орын алған. Мекеме директоры Айгүл Жүніспаева әр жәдігердің сырын ашты. Ат терлетіп алыстан келген қонақтарға экскурсия жүргізді.

АЙГҮЛ ЖҮНІСПАЕВА, М.Жұмабаев музейінің директоры, М.Жұмабаев ауданы:

– Қабырғада ілініп тұрған Лениннің портреті. Бұл портрет Мағжанның үлкен ағасы Абау мүсіннің үйінде болған екен. Жендеттер Мағжанды түрмеге алып кеткеннен кейін ағасының үйіне келеді. Сонда сасқалақтаған Абау мүсін інісінің суретін портреттің астына тыға қояды. Ол кезде бірде-бір адамның Лениннің портретін ұстауға қақысы болмаған. Сонда жендеттер үйді түгелімен қиратады. Астан-кестенін шығарады. Бірақ, портретке тиіспейді. Абау мүсінді әкетіп жатқан кезде әдейі әйеліне “2 жұмада 1 рет шаңын сүртіп отыр”,- деп айтып кетеді. Бұл -ақынның ең соңғы суреті. Портреттің астында бірнеше жыл сақталған.

Мағжан атын естігенде көз алдымызға ұлы ақын ғана емес, ұлтымыздың тар жол, тайғақ кешкен тағдыры, халқымыздың бар болмысы елестейді.
Тілеген Садықов Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызмет етеді. Профессор “Тарихты білу – ұрпақтың, ал ұрпаққа өткеніміз туралы айтып, болашаққа жол сілтеу – оқытушының парызы”,- дейді.

ТІЛЕГЕН САДЫҚОВ, тарих ғылымдарының докторы, Астана қаласы:

– Бүгінгі күннің ерекшелігі – өткен алып тұлғаларды еске түсіру.01:12 Қилы замандағы қателіктерді қайталамай, ұрпағымыз үшін болашақты қалыптастыру. Мен үшін маңызы кеңірек білу. Тарихқа тағылым деп аталған екен. Яғни, қадамға қандай қадам жасадық. Нені қоса алдық? Нені білдік? Осыны ертең өзімнің шәкірттеріме жеткіземін. Студенттеріме айтатын боламын. Сол себепті, осындай кездесулер, әсіресе, осы жиын мен үшін маңызды.

Одан соң қонақтар Сарытомардағы Мәдениет үйіне келді. Айта кетейік, мұнда өткен жиында қоғам белсендісі Сәлімхан Сәбитов марапатталды. Оған этносаралық қатынастастарды нығайту саласына қосқан үлесі үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алғыс хаты табыс етілді.

 

Аснурия Абдула