Құқық қорғау органдары

СҚО-да есепке алынған адамдардың 80% жұмысқа орналастырылған

10 күн ішінде өңір полицейлері ішкі істер органдарында түрлі есепте тұрған 4 мыңға жуық адамды тексерді. Бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен ерте босатылғандарды, сондай-ақ, бұрын сотталғандарды тексеру арқылы қайталанатын қылмыстың алдын алуға баса назар аударылды. Мысалы, ресми түрде әкімшілік қадағалауға жататын тұлғаларға 774 тексеріс жүргізілді. Бұл – ауыр қылмыстар үшін жазасын өтегендер. Олардың ішінде қойылған шектеулердің 43 бұзушылығы анықталды, сот шешімімен 15 адам әкімшілік қадағалау санатына ауыстырылды. Сонымен қатар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар тарапынан 23 бұзушылық тіркелді, олардың екеуі жүйелі бұзушылықтар үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Криминогендік факторларды азайту үшін полицейлер жұмыспен қамту ісіне көңіл бөлуде. Қоса кету қажет, бүгін өңір аумағында есепте тұрғандардың 80% жұмыс істейді.

 

Байболат Култанов