Құқық қорғау органдары

Есірткімен ұсталған әйел 10 жарым жылға сотталды

10 жыл 6 ай. Петропавлда есірткімен ұсталған 30 жастағы әйел осынша мерзімге бас бостандығынан айырылды. Наша жасырумен айналысқан қала тұрғынынан өткен жылдың күзінде 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген болатын. Облыс соттары жыл басынан бері есірткі саудалаумен айналысқан 10 адамға қатысты үкім шығарған.