Құқық қорғау органдары

Жол-көлік оқиғасының алдын алу

Жүргізушілердің құжаттары ғана емес шаршаңқылығы да тексеріледі. Өңір полицейлері ерекше рейд жүргізді. Арнайы шара барысында мамандар медицина қызметкерлерімен бірге темір тұлпар тізгініндегі азаматтардың қан қысымы мен жүрек соғысын тексерді. Тәртіп сақшылары Қостанайдан Астанаға жолға шыққан 36 жастағы ер адамды да тоқтатты. Азамат елордаға көкөніс әкетіп бара жатқан. Мамандар оның жай-күйінен мін тапты.

Рекомендуем вам не управлять транспортным средством. Здесь ближайщая есть парковка, сейчас проедьте, отдохните, после этого садитесь за руль, хорошо? – Да. – Сейчас мы вас проводим, покажем вам парковку.

Дәрілер салынған қобдишалар да тексерілді. Медициналық қызметкерлер өнімнің жарамдылық мерзімін қарады.

АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

– Облыс жолдарында осындай іс-шаралар өткізіп, жүргізушілердің денсаулық жағдайын тексереміз. Медицина қызметкерлерімен бірлескен осы сынды іс-шаралар ұдайы жүргізіліп тұрады.

Акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғасының алдын алу. Сондай-ақ, мамандар азаматтарды еңбек пен демалыс режимін сақтауға шақырады.

 

Алдияр Айтпаев