Қоғам

Президент нысандарды аралады

Күннің екінші жартысында мемлекет басшысы қаламыздағы «РимҚазАгро» серіктестігінің қағаз өнімдерін шығаратын фабрикасында болды. Бұл жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидияланды. Жұмысы қызған нысан – көпсалалы «Радуга» компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірі ғана. Қазіргі кезде аталған құрылым өңір халқын жыл он екі ай көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай тұрғызып жатыр. Президент елімізде «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға және халық тұтынатын тауарлар түрлерін кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, кәсіпорын басшылығына сәттілік тіледі.

 

Байболат Култанов