Құқық қорғау органдары

Мектептегі қауіпсіздік

Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл мәселе полиция департаментінің басшылығы мен мемлекеттік орган өкілдері және жекеменшік күзет қызметкерлерінің кездесуінде талқыланды.

Өңірде 572 білім беру нысаны жұмыс істеп тұр. Оның 466-сы – мектеп.
Мекемелердің басым бөлігінде бейбақылау камераларын орнату, орталықтандырылған күзет қызметіне қосу және осындай өзге де мәселелер әлі толыққанды шешілген жоқ. Түйткілдің түбі – нысандардың көбінде мамандандырылған күзеттің жоқтығында.

РУСЛАН ДАНЬЯРОВ, СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы:

– Осы ретте жиынға қатысып отырған жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларына айтарым, мектепке егде жастағы азаматтарды қоймаңыздар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде физикалық тұрғыда шыныққан, арнайы дайындалған мамандарға басымдық беру қажет.

Сондай-ақ, жиында жедел қызметтер арасындағы байланыс, терроризмге қарсы қорғаныс пен өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.