Мәдениет

“Арабеск” би ансамбліне – 20 жыл

Жарқын, жігерлі, кәсіби деп “Арабеск” би ансамблінің бишілерін айтуға болады. Биыл ұжым жастар сарайының қабырғасында 20 жылдығын атап өтуде. Шараға 350-ден астам адам қатысуда.

Көрермендер алдында қос буын өнер көрсетуде. Ортада – ансамбльдің алғашқы мен соңғы құрамы.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Татьяна Кравченконың айтуынша би мектебі енді жұмыс істей бастағанда спортзал мен дәлізде жаттығуға тура келген. 20 жыл ішінде “Арабеск” ұжымы көптеген жеңіске жетті. Қазіргі кезде өңіріміздің атынан халықаралық жарыстарда бой көрсетуде.

ТАТЬЯНА КРАВЧЕНКО, “Арабеск” би ансамблінің көркемдік жетекшісі:

– “Арабеск” ансамблі 2003 жылы 10 мамырда құрылды. Мен би үйірмесін құрған кезде 16 жаста едім. Сол кездегі 9-10 жастағы қыздар қазір осында 10 жыл бойы қызмет атқарып келе жатыр.

Виолетта Крутикованың ансамбльде өнер көрсетіп жүргеніне – 10 жыл. Бір қызығы бойжеткеннің бала кезінде биге деген қызығушылығы болмапты. Ал қазір таңда өмірімді сахнасыз елестете алмаймын дейді.

ВИОЛЕТТА КРУТИКОВА, “Арабеск” би ансамблінің мүшесімін:

– Би үйірмесіне мені 4 жасымда анам алып келді. Әуелде бойымда бишілерге тән қабілет байқалмады. Пластика жетіспеді. Уақыт өте келе бәрін үйрендім.

Жаздың бірінші айында бишілер Алматы, Астана қалаларын аралап, Бурабайда да халықаралық конкурсқа қатысуды жоспарлап отыр.

 

Гульден Симбаева