Қоғам

Алматылық меймандар өңірімізде экспедиция жүргізбек

Зерттеу жұмыстарының басым бағыттары нақтыланды. Биыл облымызда “Мәдени-тарихи” үрдіс контексіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап этнографиялық бүгінге дейін” жобасы қолға алынады. Яғни, өңірді зерттеу жұмыстарына қарқын қосылады. Осы мақсатта оңтүстік астанадан Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың қызметкерлері келді. Алдағы уақытта меймандар теріскей өңірін зерттеуге кіріседі. Мақсат – заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отыра зерттеп, ауқымды өзекті деректер базасын құру, сондай-ақ, ең көп шоғырланған орталықтарды анықтау.

ТАЛҒАТ БАЗАРБАЙҰЛЫ, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары:

– Карталар мен кітаптарды қарап, ақпар жинадық. Осылайша барлау жүргіздік. Қай ауданда қанша ескерткіш бар екенін біз білуіміз керек. Болғаннан кейін аудандық карта жасаймыз да оны жергілікті мекемелерге береміз. Тұрғындар өздерінің жерлерінде қандай ескерткіш бар екенін біліп жүретін болады. Осылайша тарихи жерлер қорғауға алынады.

 

Акжунис Мухатай