Қоғам

“Халық заңгері” атты акция өтті

Петропавлда “Халық заңгері” акциясы өтті. Қала орталығына жиналған қауымның қарасы көп. Әрқайсысын толғандырған бір мәселе бар. Олар бүгін заң, құқық төңірегінде туындаған сұрақтарына жауап алды.
Бір уақытта заңгерден ғана емес, басқа да сала өкілдерінен тегін кеңес алуға мүмкіндік туды. Айта кетейік, аталмыш науқан еліміздің барлық қалаларында өтті.

МАЙРА ДАВЛИТКИРЕЕВА, қала тұрғыны:

Келген себебім, мені алаяқтар алдап кетті. Мойнымда қарыз қалдырды. Оны 2 кісі бөліп төлейді деп уәде берген. Бірақ, ол кісі қашып кетті. Енді сол қарызды 6 жыл қатарынан менің зейнетақымның жартысынан алып отыр. Енді қайда барарымды білмеймін. Артық төлеген 2 жарым млн теңгемді қайтара алмай жүрмін. Бұл акция туралы балам айтты. Көптеген кісілер болады. Көмегі тиіп қалар деді.

СЕРГЕЙ ПЕРОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– «Халық заңгері» акциясы 5 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатыр. Бүгінгі акцияға тек заңгер мен адвокаттар ғана келген жоқ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, полицейлер, нотариус мамандар мен өзге де сала өкілдері жиналды. Шара барысында 30-дан астам заңгер халыққа тегін көмек көрсетеді. 5 жылдың ішінде Қазақстан бойынша осындай акцияға 150 мыңнан астам тұрғын қатысқан.

 

Аснурия Абдула