ТЖ

Биыл саяжайларда 3 өрт тіркелді

Қазір өрттің болу қаупі өршіп тұрған маусым. Тілсіз жау саяжайда да жиі бас көтеріп жатады. Сондықтан, учаске иелері барынша сақ болулары қажет. Қазір өрттен қауіпті нәрсе жоқ. Өртке бірден-бір себепкер болатын нәрсе – қамыс. Қатты ыстық болса, кез келген сәтте лап ете қалуы мүмкін. Жақында ғана “Каштан” саяжай қоғамының жанында қамыс өртенді. Абырой болғанда құтқарушылар өртті дер кезінде сөндіріп үлгерді.

ДАРХАН СМАҒҰЛОВ, қалалық ТЖ басқармасының бас маманы:

– Саяжай учаскесін өрттен қорғау мақсатында жыртылатын жердің ені 4 метр болуы керек. Бұл пайда болған оттың үйге қарай өтуіне жол бермейді. Тұрғындар қауіпсіздік ережесін сақтамаса, әуелі ескерту жасаймыз, одан нәтиже шықпаса айыппұл салуға мәжбүрміз.

Осы орайда құтқарушылар саяжай иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындар өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінен хабардар.

Жалпы, “Каштан” саяжай қоғамында барлығы – 200-ден астам учаске бар. Петропавлда өрттің қауіпті кезеңі басталғалы саяжайларда 3 өрт тіркелген.

 

Акжунис Мухатай