Қоғам

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы талқыланды

Облыстық мәслихат қабырғасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы талқыланды. Өткен аптада пияздың келісі 2 пайызға, қырыққабақ 155 теңгеге қымбаттаған. Ал 1-ші сұрыпты жұмыртқа керісінше 427 теңгеге дейін арзандапты. Бұл жайында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Исаев баяндады.

ДАНИЯР ИСАЕВ, СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушысы:

– Өткен аптада әлеуметтік маңызды азық-түлік тұтыну бағаларының индексі 100 пайызды құрады. Облыста бағаны тұрақтандыру қоры бар. Қорды қаржыландыру көлемі 3,4 млрд теңгеге дейі ұлғайтылды. Сондай-ақ, қорға түсетін өнім көлемін 12 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін жеткіздік. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрінің 15-і өңірде өндіріледі. Ірі сауда желілері мен тұрақтандыру қорының нүктелері арқылы тауар интервенциясы жүргізілуде. Бұл ұн, нан, қант және өзге де өнімдердің бағасын тежеуге ықпал етіп отыр.

Данияр Исаев тауарлардың бағаларын жіпке тізді. Қарақұмық өзге өңірлерге қарағанда бізде арзан екен. Нарықтық баға 435 теңге болса, сауда орындарында 330 теңге тұрады. Сондай-ақ, қант зауыттарымен 900 тонна өнім жеткізуге 705 млн теңгенің келісім шарты жасалыпты.

ҒАМАЛИ ЖҰМАШЕВ, “Солтүстік” ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Соңғы 3 жылда облыстық бюджеттен өнім сатып алуға 3 млрд 600 млн теңге бөлінді. Қаңтар-сәуір аралығында тұрақтандыру қорынан бюджетке 300 млн теңге қайтарылды. Былтырдан бері жергілікті тауар өндірушілерден және өзге өңірлерден 15 мың 400 тонна және 10 мың данадан астам жұмыртқа сатып алынды.

Келесі кезек сұрақтарға да келіп жетті. Қоғам белсендісі Гүлбақша Мұсабаева қанттың құнына шолу жасаған.

Бұл сұраққа лайықты жауап болмады. Жиында өзге де тақырыптар қозғалды. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 53 ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылыпты. Мұнда ауылдан жеткізілген тауарлар 15-20 пайызға арзанырақ сатылады.

 

Гульден Симбаева