Қоғам

Үздік сапалы қызмет көрсетуші

Сәуірдің 25-інен бері елімізде “Үздік қызмет көрсетуші” атты байқау өтіп жатыр. Облыстық кезеңге өңірімізден 7 мемлекеттік қызметкер қатысты. Эмилия Зуевич бірінші кезеңнің жеңімпазы атанды. Нәзікжанды облыстық әділет департаментінде жұмыс істейді. Енді маусым айының басында елордада өтетін республикалық кезеңде сынға түседі.

АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша басқармасы басшысының орынбасары:

– Конкурстың басты мақсаты – қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру. Осындай конкурстарды өткізудің маңызы зор. Облысымыздың 1-тоқсанының өзінде 1 млн 500 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 99 пайызы электронды форматта жүргізілді.

 

Аснурия Абдула