Балалар

Жас шахматшылар сынға түсті

“Қазақстанның ұлттық валютасының 30 жылдығына” орай Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы банкирлер клубының кубогына арналған шахмат турнирі өтті. Дәстүрлі жарысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиылған 100-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Бақ сынауға келгендердің арасында шалғай орналасқан ауылдардың да ұл-қыздары болды. Ұйымдастырушылар жастардың әлеуметтік желіден алыстап, ойлау қабілетін жақсартатын спорт түрлеріне жаппай бет бұрғанын қалайды. Спортшылардың қызығушылығын одан әрі арттыру үшін бағалы сыйлықтар дайындалыпты.

ДИАС МЭЛС, “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚОФ директоры:

– Қатысушылардың саны жылдан-жылға артуда. Биыл 4-5 аудан қосылды. Балаларды бағалы жүлделер күтіп тұр.

АРУЖАН БАСЫБАЕВА, турнирге қатысушы:

– 8 жастан шахмат ойнаймын. Облыстық жарыста 3-ші орын алдым. Тағы мектеп атынан команда болып қатысып, 2-ші орын алдық.

 

Байболат Култанов