Балалар

Жас маман ауылда еңбек етуде

Бекболат Тілевов Қозыбаев университетін 1 жыл бұрын тәмамдаған. Ол ЖОО-да ауылдық квота бойынша грантта оқыған. Жас жігіт қолына диплом алғаннан кейін бірден ауылдық мектепке орналасыпты. Оны өзі түлеп ұшқан білім ұясының ұстаздары шақырған екен. Жас маман қазір М.Жұмабаев ауданындағы Фурманов орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Жұмысына жауапкершілікпен қарайды.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕВОВ, жас маман:

– Мен М.Жұмабаев ауданындағы Бәйтерек ауылында дүниеге келдім. Қазіргі кезде Фурманов орта мектебі мен Булаев қаласындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Екі жұмысты қатар алып жүру оңай емес. Аптасына 3 рет Булаев қаласында білім берсем, қалған күндері келесі мектепте боламын. Фурманов орта мектебі шағын ғана. Онда 125 бала білім алады.

АЙНҰР САПАРОВА, М.Жұмабаев ауданындағы жұмысқа орналастыру орталығының басшысы:

– Жыл сайын студенттерге арнап мамандық жәрмеңкесін ұйымдастырамыз. Онда кәсіпорын қызметкерлері студенттерге бос орындарын ұсынады. Түлектер де маман иелеріне мазалап жүрен сұрақтарын қоя алады.

Былтыр Қозыбаев университетін 2 мыңнан аса жас бітірді. Оның 1 600-ден астамы жұмысқа орналасқан.

 

Гульден Симбаева