Мәдениет

Шал ақынның туғанына – 275 жыл

Шал ақынның шын аты – Тілеуке. Бірақ, ел арасына жастайынан-ақ Шал ақын болып танылған. Оған кішкентайынан үлкендерше сөйлеуі, төрде отырып төрелік айтқаны себеп болған деседі. Тілеуке Құлекеұлы 1748 жылы дүниеге келген. Бүгінде 275 жыл толып отыр. Осыған орай И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапханада “Сөз шебері” атты поэзия кеші өтті. Алғашқылардың бірі болып Шал ақынның алтыншы ұрпағы Мұрат Жантілеуов сөз сөйледі.

МҰРАТ ЖАНТІЛЕУОВ, СҚО құрметті азаматы:

– Тарих бойынша 1748 жылы Көкшетау қаласы Азат станциясының бойында туған екен. Бертін 1760 жылдары Сыр бойында естектерді жеңген соң, қазіргі Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында ел болады. Бір кездері біздің елімізге Мұхтар Мағауин деген жазушы келеді. Ол Шал ақын туралы өлеңдерді жинап жүр екен. Менің әкем 70-тен асқан ақсақал болатын. Сол кезде әкемнен 15-тей өлеңін жазып алды. Ауылдың басқа да ақсақалдарынан көптеген өлең жазып алып “Қобыз сарын” деген кітап шығарды.

 

Аснурия Абдула