Спорт

Полицейлер арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті

“Динамо” стадионында полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары арасында мұндай деңгейдегі жарыс бірінші рет өткізіліп отыр. Додаға уақытша ұстау изоляторы, әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдау орындары қызметінің мамандары қатысты.

ЖАНҒАЛИ ЖАЛБИЕВ, Ғ.Мүсірепов ауданының полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының бастығы:

– Барша ойыншыларға сәттілік тілейміз. Ойын өте қызықты өтіп жатыр. 00064.MTS 0.15-0.18/Тек қана достық жеңсін, сәттілік барша ойыншыларға.

Жалпы, жарысқа 60-қа жуық маманнан құралған 8 команда қатысты. Қорытынды бойынша үшінші орынды Тайынша ауданынан келген полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы командасы иеленсе, екінші орынды қалалық полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторының ұжымы қанжығаларына байлады. Турнирдің жеңімпазы – Айыртау ауданының полицейлері.

 

Гульден Симбаева