ТЖ

Пәтерде газ баллонын қолданған ер адамды күйік шалды

63 жастағы петропавлдық пәтерінде газ баллонын қолданған. Оқиға Мұқанов көшесіндегі 46-шы үйде болған. 9 қабатты нысан газ жүйесіне қосылмаған. Тұрғындар газ плитасын қолданып отыр. Тамағын ысытпақшы болған зейнеткер үйіне газ баллонын кіргізеді. Жаға бергенде от шығады. Редуктордан шыққан жалынды өзі сөндіруге тырысыпты. Сөндірген, бірақ қолдары мен бетін күйік шалған. Қазір ауруханада жатыр.

САЯН АХМЕТЖАНОВ, қалалық ТЖБ аға инженері:

– Ер адам 3-ші қалалық ауруханаға өзі келген. Жағдайы қазір бірқалыпты. Өртті дер кезінде сөндіріп үлгерген, әйтпесе, үйді қызыл жалын алып кететін еді. Ол кісіге қатысты ережені сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ескерту иеленбесе 5 АЕК – 17 мың 250 теңге көлемінде айыппұл салынады.

 

Гульден Симбаева