БалаларҚоғам

Мектеп және спорттық форма көрермен назарына ұсынылды

Солтүстік Қазақстанда жасалған. Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында мектеп және спорттық форма қойылған көрме қанат жайды. Өндірушілер – жергілікті кәсіпкерлер. Нақтырақ айтсақ, аққайыңдар өлкесінің 6 бірдей жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны. Сонымен қатар, көрмеден ұстаздарға арналған киімдер мен бас және аяқ киімдерді де табуға болады. Таныстырылым алаңы бүгін және ертең кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

ЕЛЕНА КИРЬЯКОВА, «Sens Fashion» ЖШС директорының орынбасары:

– Біз 2015 жылдан бастап мектеп формасын тігеміз. Облыс аумағындағы барлық білім ұясына қызмет көрсетеміз. Сонымен қатар, Қостанай, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан түскен тапсырысты орындаймыз. Спорттық киімдеріміз де бар. Бағалары әртүрлі. Мысалы, кішкентай өлшемдегі ұлдардың шалбары 9600 теңге тұрады. Ал пиджак 15 500 теңгеге сатылады.

 

Байболат Култанов