Қоғам

Қоқыспен күрес

Петропавлда бей-берекет орналасқан қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала бойынша осындай 50 учаске тіркелген. Қазіргі күні оның 90%-ы жойылды.

ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Сондай-ақ, Петропавл қаласында ірі габаритті қоқыс бойынша мәселе де өткір тұр. Өздеріңіз білетіндей, қатты қалдықты шығару тарифке кірмейді. Яғни, тұрғындар өз есебінен шығарулары тиіс. Алайда, бұл бағыттағы жұмыс өте сылбыр жүргізілуде, сондықтан, шаруаға қалалық әкімдік қосылып, ірі габаритті қоқысты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қаладағы ықшам аудандарға қоқыс контейнерлері орнатылуда.

ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Сондай-ақ, жер үй секторындағы қоқыс мәселесі де шешімін табуда. Мамырдың ортасынан бастап тариф өсті, сондықтан, қазір қоқыс шығарушы компаниялар жер үй секторларының көшелеріне қоқыс контейнерлерін орнатуда. Қазір біреуі Береке ықшам ауданындағы Батыр Баян көшесінде пайда болды.

Пестрое көлінің жағажайын абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Көл жағасына 1300 шаршы метр керамикалық плита төселеді. Ойын алаңқайы 900 шаршы метр жасанды көгалмен көркейтіледі. Сонымен қатар, жаттығу алаңдары ретке келтіріліп, киім ауыстыратын орындар мен шатырлар қойылады.

 

Акжунис Мухатай