Қоғам

Былтыр бір солтүстікқазақстандық телефонмен орта есеппен 58,5 минут сөйлескен

Статистикалық ақпарға кезек береміз. Өткен жылы өңірде интернет желісі қызметінің көлемі – 5 млрд, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 1,3, ал қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметі 0,6 млрд теңгені құраған. Былтыр бір солтүстікқазақстандық телефонмен орташа есеппен 58,5 минут сөйлескен. 2021-де бұл көрсеткіш 83 минутты құрапты. Интернетті пайдаланатын абоненттер саны керісінше 2,3% өскен. Өткен жылы қолданушылар 115,5 мың бірлікті құраған екен.

 

Байболат Култанов