Қоғам

Жатақхана құрылысы кешеуілдеп жатыр

Петропавлда спортшыларға арналған жатақхана құрылысы кешеуілдеп жатыр. Мониторинг жүргізген «AMANAT» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы осындай тоқтамға келді. Нысан өткен жылдың желтоқсанында тапсырылуы керек болған. Мердігер – елордалық кәсіпорын. 244 орынға шақталған жатақхананың құрылысы қазір жіті бақылауда. Нысан енді күзге қарай қолданысқа тапсырылуы тиіс. 10 күн бұрын барған мамандар құрылыстың кестеден кадр жетіспеушілігне байланысты қалыс қалып жатқандығын анықтаған.

Александр Зель, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі:

– Қазіргі уақытта нысанда 18 адам жұмыс істеп жатыр. Олар сыртқы және дәнекерлеу жұмыстарымен айналысуда. Мердігер кәсіпорынның өкілі құрылыс таяу арада қарқын алатынын айтып сендірді. Осы аптаның соңында едені құйылып, ішкі жұмыстарға кірісетіндіктерін жеткізді. Сондай-ақ, аумақты абаттандыру жұмыстары бастау алған.

 

Гульден Симбаева