Балалар

Тәртіп сақшылары балабақша бүлдіршіндеріне жол ережесін түсіндірді

Бүгін “Алтын бесік” балабақшасында – ерекше қонақтар. Бұл танымды сабақ өзге шаралардан ерекше. Себебі, бүлдіршіндерге жол ережесін “миллицонер Степа ағай” түсіндірді. Тәртіп сақшысының рөлін қуыршақ театрының актері сомдады.

Бүлдіршіндердің көңілін аулау оңай емес. Ерекше әдіс-тәсіл қажет. Мультфильм кейіпкері жол қозғалысын тақпақ пен ойын түрінде жеткізді. Балалар жол сақшысының ала таяқшасын қолдарына алып, қимылын қайталады. Бұл жаттығулар айтылған дүниені еске сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ, бүлдіршіндер қызметтік көлікке отырды. Дауыс зорайтқышты өз қолдарымен реттеп, сиренаны тыңдады. Сабақ барысы ерекше әсер қалдырғаны айдан анық.

АЛЬМИРА БАЙТАБЕНОВА, “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушісі:

– Бүгін қонақтар келді. Степа ағай мен полиция. Жасылда жүремін, қызылда тоқтаймын, сарыда дайындаламын.

Айта кетейік, бұл сабақ “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.

 

Аснурия Абдула