ТКШ

Жылыту маусымына дайындық

Энергияөндіруші және таратушы кәсіпорын өкілдерінің жиынында алдағы жылыту маусымына қатысты әзірлік паспорты жайында айтылды. Бұл құжатты белгілі бір кәсіпорындар жыл сайын қыс мезгіліне дайын екендіктерін растау мақсатында алады.

НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы:

– Құжат қабылдау жыл сайын тамыздың 15-і мен қыркүйектің 30-ы аралығында электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі. СҚО-да бұндай кәсіпорындар қатарына СК РЭК, 2-ЖЭО мен Оңтүстік Орал темір жолдары кіреді. Дайындық құжатын Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінен алады. «Зенченко и К», «Иван Зенченко», «Қазсушар» кәсіпорын өкілдері бұл құжатты біздің департаментке келіп алады.

Дайындық құжатын алмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл көлемі 170 мың теңгеден асса, орта бизнес өкілдері – жарты млн, ірі бизнес субъектілері 1 млн теңгеден астам айыппұл төлейді екен.

НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы:

– Өткен жылы бізде бір кәіспорын дайындық құжатын ала алмай қалды. Бұл – Петропавл 2-ші ЖЭО. Осы үшін кәсіпорын басшылығы қысқартылған өндіріспен 612 600 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы орайда бейінді департамент мамандары энергияөндіруші және таратушы кәсіпорын өкілдерімен алдын ала кездесіп, жылыту маусымына дайындыққа уақытында кірісу қажеттігін еске салады.

 

Гульден Симбаева