Қоғам

Тәртіп сақшылары тұрғындарға жол ережелерін түсіндіріп жүр

– Вы ребёнка пристегнули, да? Детское удерживающее устройство… Хотелось бы вам сказать, быть предельно внимательными, когда вы, тем более, перевозите детей, использовать детское удерживающее устройство и неукоснительно соблюдать все ПДД. И в рамках данного мероприятия мы хотели бы вам наклеить такую наклейку. Можно, да?

– Да.

Баланы көлікке қалай отырғызу керек, бала көшеден қалай өтуі керек? Осының бәрін полицейлер “Назар аударыңыздар, балалар!” деген атаумен өткізіп жатқан жедел-алдын алу шарасы барысында түсіндіруде.

Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларымен де кездесті. Жастарға жолда жүру ережесін түсіндірді. Бұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары жолдағы қайғылы жағдайларды азайтуға ықпал етпек.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Ағымдағы жылғы соңғы 4 айдың ішінде Солтүстік Қазақстан аумағында балалардың қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы орын алды. 1 бала қайтыс болды және 8 бала жарақаттанды.

Айта кетейік, облыс аумағында 9 күннің ішінде 3 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі тіркелді. Оның 70-тен астамында көлік жүргізушілері жаяу жүргіншіге тиісті жерде жол бермеген. 200-ге жуық көлік иесі қиылыста ереже бұзған, 190 жаяу жүргінші де көшеден дұрыс өтпегені үшін жауапқа тартылыпты.

 

Аснурия Абдула