Қоғам

Мамырдың 26-сы жалпыреспубликалық “Халық заңгері” акциясы өтеді

Солтүстікқазақстандықтарға құлаққағыс! Мамырдың 26-сы өңірде жалпыреспубликалық “Халық заңгері” акциясы өтеді. Іс-шарада тұрғындар толғандырған мәселелерімен заңгерлер мен адвокаттарға, барлық орган өкілдеріне жүгіне алады. Жалпы, бұл науқан елімізде 2016 жылдан бері өткізілуде. Осы уақыт аралығында мамандардың кеңесіне 150 мыңнан астам қазақстандық жүгінген. Ескеру қажет, акция қалада С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қабырғасында өтеді. Шара сағат 17.00-де бастау алады. Айта кету қажет, биыл дәстүрлі науқан алғаш рет аудандарда да ұйымдастырылмақ.

АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Өз мәселелерімен келетін тұрғындар сол түйткілге қатысты құжаттарды ала келулері қажет. Сонда мамандар да сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап береді. Сұрақтардың кейбірі сол жерде шешілуі мүмкін. Ал қосымша қарастыруды қажет ететін күрделі мәселелер ары қарай да қарастырылады. Яғни, мамандар істі соңына дейін апарады.

 

Алдияр Айтпаев