Қоғам

Кәсіпорындардың инновациялық мүмкіндіктері

Былтыр облыстағы 1054 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілген. Нәтижесінде 160 кәсіпорынның жаңашылдықтарға ие екені анықталыпты. 2021 жылы бұл көрсеткіш 112-ні құраған. Инновацияларды көп ендіргендер – ауыл, орман және балық шаруашылығы, сауда, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау кәсіпорындары. Талданған кезең ішінде инновацияларға жұмсалған шығын көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге өсіп, 117 млрд теңгені құрады, сонымен қатар, шығынның 80,5% өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына тиесілі.

 

Байболат Култанов