Білім

Болашақ мұғалімдерге арналып ашық есік күні ұйымдастырылды

Сөйлейтін қабырғалар, Lesson Study, Web 2.0. Бұл – “Өрлеу мамандары ұйымдастырған дәріс сабақтарының тақырыптары. Шара болашақ педагогтарға арналған. Орталық қызметкерлері студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту тәсілдерін түсіндірді. Бұл жиын ашық есік күні аясында ұйымдастырылды.

ӘМИНА ТАЙЛАНОВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша филиалының әдіскері:

– Бүгінгі шараның мақсаты – болашақ мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған оқу іс-әрекетіндегі жаңа тәжірибелермен, тәсілдермен таныстыру. Мектепке дейінгі оқыту мұғалімдеріне арналған “Сөйлетін қабырғалар” әдістемесі. Lesson Studу – қолдану теориясы мен тәжірибесі. Үшіншісі – Web 2,0 жүйесінде оқытуды ұйымдастыру. Бұл дегеніміз – цифрлық жағдайда онлайн-ресурс мүмкіндіктерін пайдалану.

Іс-шараға Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 3-4-ші курс студенттері қатысты. Барлығы – 70-ке жуық жас. Соның бірі – Арай Құрмашева. Студент -болашақ ағылшын пәні мұғалімі. Қазірдің өзінде ол ұстаздың бойында қандай қасиет болу қажеттігін жақсы біледі.

АРАЙ ҚҰРМАШЕВА, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті:

– Мұғалімнің бойында мынадай қасиет болуы қажет: оқушылармен тіл табыса алу, коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттері болуы қажет. Осындай іс-шараға мен бірінші рет қатысып отырмын. Жалпы, мұғалім боламын деген араманым болмаған. Әпкемнің ізі қуып осы мамандыққа түстім.

Кейін студенттер 3 топқа бөлініп, осы шарада оқып-түйгендерін ортаға салды.

 

Гульден Симбаева