Қоғам

Аналар кеңесінің мүшелері дәріханалардың жұмысын байқады

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 2014 жылы аналар кеңесі құрылды. Қазіргі таңда оған 400-ден астам адам мүшелік етеді. Бүгін облыстық кітапханада ұйымның аудандық филиалдарының төрағалары бас қосты. “Бақытты ана – бақытты балалар” атты семинар-тренинг барысында көпшілікке психологтар мен өзге сала мамандары дәріс оқыды. Кеңестің атқарған жұмысы баян етіліп, алдағы жоспар пысықталды. “Жасыл сертификат” жобасы аясында аналар кеңесі 5 дәріханамен меморандумға қол қойған. Мұндай мекемелердің жұмысын кеңес мүшелері құпия сатып алушы ретінде тексерген.

ЖҰЛДЫЗ САТТАРОВА, облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрағасы:

– Дәріханаларды 2-3 рет барып тексердік. Дәріханалық есірткілердің бар-жоғын қарадық. Енді тамыз айында дәріханаларға “Жасыл сертификат” табыс етеміз. Құжат заң бұзушылық анықталмаған мекемелерге беріледі.

 

Алдияр Айтпаев