Қоғам

Кәмелет жасына толмаған 22 бала заңның ала жібін аттаған

Мына 3 қыз түнгі 11-ден кейін далада серуендеген. Жастары 17-де. Заң бойынша кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге түнде заңды өкілдерсіз шығуға болмайды. Жазғы демалыс қарсаңында ювеналды полиция қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар” атты жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Мамандар жалдамалы пәтер, коттедж, супермаркеттер мен ойын-сауық орындарын тексерді.

ОҢАЛБЕК ӘБДІКӘРІМОВ, қалалық ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы:

– Рейдтік іс-шара кезінде Петропавл қаласында Жұмабаев және Интернационал көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған 3 жасөспірім тоқтатылды және жеке басын анықтау үшін полиция басқармасына жеткізіліп, ата-аналары шақырылып, ӘҚБтК 442-бабымен хаттама толтырылды.

Жалпы, 3 күннің ішінде жасөспірімдердің түнде көшеде жүрулеріне қатысты 22 факті анықталды. Сонымен қатар, бір заңды өкіл баласы ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Гульден Симбаева