Спорт

Жастар арасында спорттық бағдарлаудан облыстық жарыс өтті

Ұл-қыздардың қолдарында компас пен қалалық саябақтың картасы. Олар мәреге жету жолында осы дүниелерді қолданулары қажет. Бұл спорт түрі “Спорттық бағдарлау” деп аталады. Барлығы – 140 жас қатысып жатыр. Бұндай сайыстар балаға жедел шешім қабылдай білуге үйретеді және бойдағы жауапкершілікті дамытады. Жарыс дәстүрлі “Жастар” спартакиадасы аясында өтуде. Спортшылар сенбі күні – Мещан орманында, ал мамырдың 21-і “Жеңіс” саябағында өтетін финалда бақ сынайды. Жеңімпаздар сол күні марапатталады.

 

Гульден Симбаева