Құқық қорғау органдары

Тиісті талапты сақтамаған 21 адам бас бостандығынан айыру орнына қайтарылды

Облыста жыл басынан бері шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзған 21 адам бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Олар белгілі бір шектеулерді бірнеше мәрте бұзған. Көп жағдайда ішімдік ішкен, қоғамдық орында адамдардың мазасын алған. Осындай өрескел әрекетке барғандардың бірі 39 жастағы петропавлдық қалған 1 жылдан астам жазасын түзету мекемесінде өтейді. Өңірде «Есепте тұрған» деген атаумен республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Мамандар мамырдың 15-сінен бері 1600-ден астам адамды тексерген. Оның 369-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар.