Құқық қорғау органдары

СҚО-да 460 келіден астам есірткі өртелді

460 келіден астам марихуана мен гашиш отқа тасталды. Полицейлер 10 жылда бірінші рет осындай аса ірі көлемде тіркелген есірткінің көзін құртты. Облысты заңсыз айналымнан тәркіленіп алынған наша жыл басынан бері 6-шы рет жағылды. Тәртіп сақшылары бұл рәсімді арнайы комиссия мен тұрғындардың қатысуымен өткізді.

ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, қалалық ПБ бөлім бастығы:

– Бүгін комиссия құрамы мен еріктілер және белсенді азаматтардың қатысуымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарын жою бойынша акция өткізді. Есірткіні жою өртеу арқылы жүргізілді. Бейнекамераға жазылды.

Самал Жунусова